Әнші әрі ақын, Мәдениет саласының үздігі Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды. Бұл туралы отандық әнші Бейбіт Кушкалиев өз Facebook парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Менің әндеріме сән берген, “Қайтесің өзгені, Уайымдай берме” атты әндердің мәтін авторы Құрманай ханым Алласына қайтыпты. Сізбен жақсы таныс болдық. Жақсы адам едіңіз. Өмір деген қысқа ғой. Бәріміз де бір күні қайтамыз. Алла сізді мейіріміне алып, пейіштен орын берсін - деп жазды әнші.