Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан. 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында айы-күні жеткен жолаушы босанды, - деп хабарлайды newsroom.kz.
21 қазан сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады. Пойыз бастығы Қаракулова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектескен. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметі бойын 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.
Сары-Шаған бекетіне жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
Соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымал» АҚ пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.