"Хутор" бандасы туралы бар білетінін айтқан тұрғынды полицейлер ұстап әкетті

Ер адам осы ауылдарда бұрын не болғанын, "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы бар білетінін айтқан

Фото: видео скриншот

21 қазанда Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube арнасында Талғар қаласы туралы зерттеу материал жарияланған еді. Сол зерттеуде "Хутор" бандасы туралы сөз қозғаған адамды полиция ұстап әкетіп, психиатриялық ауруханаға жеткізген. Бұл ақпаратты журналист мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтерге сәйкес, ұсталған азамат Шерзат Болаттың көршісі әрі отбасылық досы. Журналист онымен бірге бұрын Хутор атанған Тұрар Рысқұлов ауылына барған.

Айта кетелік, ол адаммен сұхбат көліктің ішінде жазылған. Себебі сыртта тұрып сөйлесу қауіпті болған. Ер адам осы ауылдарда бұрын не болғанын, "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы бар білетінін айтқан.

 

Жүктелуде...