Сәденовтің айтуынша, қылмыс елдің барлық өңірінде орын алуы мүмкін. Бірақ “бұл полиция жұмыс істемейді дегенді білдірмейді” деп ақтағандай болды. Десе де, аталған іс бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп, оның ішінде полиция қызметкерлерінің қатысы барын да айтты.
Бұған дейін, 6 қыркүйекте Алматы облысының Талғар қаласында ер адам бұрынғы азаматтық жұбайының ағасын атып өлтіріп, оның кішкентай қызын ұрлап кеткені туралы хабарлағанбыз. Кейін күдікті баламен бірге көлікпен ізін жасырған. ІІМ бұл дерек бойынша кісі өлтіру және адам ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғаған.