Бүгін Республика күні қарсаңында № 6 балалар кітапханасының салтанатты ашылуы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Салтанатты ашылуына Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Әлия Маратқызы Әбсеметова және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, ашылу барысында келушілер кітапхана залдарына экскурсия жасап, кітап қорымен танысты, оқу залына барып, бірден кітапханаға жазылып, үйде оқуға арналған жаңа кітаптарды алды.
Айта кетелік, № 6 балалар кітапханасының кітап қоры көремөнер әдебиеті, энциклопедия, балалар әдебиеті және шетел әдебиеттен - барлығы 3 мыңнан астам кітаптан құралған. Кітапхана 6-35 жас аралығындағы бала мен ата-ананы оқырман ретінде қамтиды.