Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өз Instagram парақшасында Талғардағы оқиғаға байланысты Мәжілісте арнайы депутаттық сауал жолданғанын және Шерзаттың отбасындағы жағдай бақылауда екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Талғардағы оқиғаға байланысты Мәжілісте арнайы депутаттық сауал жолданды. Шерзаттың отбасындағы жағдай біздің де бақылауымызда.
Дәл қазір түндегі оқыс оқиғаның артында кімдер тұрғаны нақты анықталып жатыр. Бұл жағдай сіз бен біз ойлағаннан да басқаша болуы мүмкін. Кімдердің өртегені әлі анықталмады.
Сондықтан бұл қылмысты жасаушы топтың немесе қылмыскердің бар екені анықталса, олар қатаң жазаланатынын жеткіземіз.
Осы ретте, провокацияға жол бермей, тергеу амалдары шұғыл түрде ұйымдастырылуда.
Ағайын, қандай жағдай болмасын, біз бұл істе әділ төрелігін орнатамыз.Заң үстемдігін орнатуға құқық қорғау органдарының қажетті күштері толық жұмылдырылған.Сондай-ақ, елді дүрліктіруге бағытталған тексерілмеген ақпараттарды таратпайық,- деп жазды депутат.