Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады?

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкентте 10 қазанда күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,0 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...