weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 қазан, 2024 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

103 жастағы майдангер алғаш боп келіп таңдау жасады

"Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет".

103 жастағы майдангер алғаш боп келіп таңдау жасады
Фото: пресс-служба

Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтуде. Маңызды саяси науқанда учаскеге алғаш болып келген 103 жастағы майдангер өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz

Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.

- Біз қазақ «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген тәмсілге бас иген халықпыз. Бірлік әрқашанда маңызды. Ел үшін өзекті істерге үлес қосуымыз керек. Сондықтан әрбір саяси науқан кезінде өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын,-деді майдангер.

Айта кетейік, аймақта 380 референдум учаске бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.

Өңір бойынша 492 380 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→