Қазақстанның ірі қалаларында бүгін жауын жауады

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкентте 26 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...