Сенат депутаттары  “Жетібаймұнайгаз” мекемесінің ұжымына АЭС жайлы түсіндірді

Халық АЭС-ті жақсы қабылдап жатыр

Фото: newsroom.kz

ҚР Парламенті Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров пен Сүйіндік Алдашев бірнеше күннен бері маңғыстаулық мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, АЭС құрылысы жайлы түсіндіріп келеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Олар бүгін «Жетібаймұнайгаз» мекемесінің қызметкерлеріне атом электр станциясының технологиясы мен артықшылықтарын айтып берді. Депутаттармен бірге «МАЭК» ЖШС БН-350 РҚ радиациялық қауіпсіздік инженері Азамат Куликбаев қатысушылар сауалдарына жауап айтты. 

-Мекеме қызметкерлерінің қоятын басты сұрақтары атом электр станциясының қауіпсіздігі, қай аумақта орналасатындығы мен экологиялық мәселе жайлы болды. Ол сауалдарға маман егжей-тегжейлі жауап берді. Қауіптілік жоқ екендігін халыққа жеткіздік. Технологиясымен таныстырдық. Халық АЭС-ті жақсы қабылдап жатыр. Бұрын түсінбесек, енді ұғынып жатырмыз дейді қызметкерлер, - деді Бекбол Орынбасаров.

Жүктелуде...