“АЭС халықты тұрақты қуат көзімен қамтиды”

Дамыған елдер қатарына қосылу үшін АЭС құрылысы қажет деген пікірдемін

Фото: newsroom.kz

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының “Каспий жылу, су арнасы” МКК әкімшілік-шаруашылық қызметкері Абдулла Сүйінбайұлы атом энергия станциясы бүгінгі күнде Қазақстанның тұрақты дамуы үшін маңызды құрылыс екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

- Бүгін жалпыхалықтық штаб өкілдері АЭС құрылысы жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазіргі уақытта электр қуатының жетіспеушілігі халықтың әлеуметтік ахуалына теріс ықпал етуі мүмкін. АЭС  тұрақты және тиімді энергия көзін игеруге мүмкіндік береді. Атом электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра келе бізге өркениетті және дамыған елдер қатарына қосылу үшін АЭС құрылысы қажет деген пікірдемін, - деді Сүйінбайұлы Абдулла

Жүктелуде...