Түркістан облысындағы колонияда тұтқындар бүлік шығарды

20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы түзеу мекемесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген,-деп хабарлайды newsroom.kz

20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген.

Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Мекеме әкімшілігінің қоғамнан оқшаулануды қамтамасыз ететін заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану, өзіне қасақана зиян келтіру арқылы басқа да ауыр зардаптарға әкелу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

 

 

Жүктелуде...