weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павлодардағы колонияның экс-бастығы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталды

Павлодарда сот №45 түзеу мекемесінің бұрынғы бастығын алты жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Павлодардағы колонияның экс-бастығы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталды
Фото: Freepik.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол кейбір сотталғандарға жеңілдетілген жағдай жасау үшін пара алған. Сонымен қатар қызмет атқарған кезеңінде лауазымдық міндетіне байланысты қол жеткізе алған құпия деректерді жария еткен.

Осыған байланысты ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және мемлекеттік құпияларды жария ету баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен ол подполковник арнайы атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан шеттетілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→