Ақтөбеде 9 жастағы ер бала әткеншектен құлап мерт болды

103 қызметінің мамандары 30 минут бойы құтқаруға тырысты

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 9 жасар бүлдіршін әткеншектен құлап, көз жұмған. Оқыс оқиға кеше кешкілік болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтерге сүйенсек, жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41-де ми қызметі тоқтады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Балаға ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы диагнозы қойылды.

Айта кетелік, осы оқиғадан кейін «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.

 

 

Жүктелуде...