АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Отандық әнші Заттыбек Көпбосынұлымен АЭС салу мәселесі бойынша сұхбаттасқан едік,- деп хабарлайды newsroom.kz
- Қазақстанда АЭС салу жөнінде ойыңыз қандай?
- Болашақ үшін АЭС керек деген пікірді мамандардан естіп жатамыз. Біз ол жағынан маман емеспіз. АЭС-тің тиімді, тиімді емес жағын мамандар шешеді. Қазақстан азаматы ретінде мені ойландыратын нәрсе - мәселе оның салынғанында емес, мәселе қандай сапада салады деген ой.
- Жалпыұлттық референдумға қатысасыз ба?
- Уақыттың ретіне қараймыз, иә.
- Елімізде АЭС салуды қолдайсыз ба?
-Қалай айтсам екен, мен маман болмаған соң оның жан-жақты қыр-сырын білмеймін. Мамандардың пікіріне сүйенсек, керек сияқты. Дегенмен АЭС мемлекет тиімділігі үшін салынуы керек болса, қолдаймын,- деді әнші.