Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Медицина

Коронавирустан кейін балалардың миы ерте қартайып кеткен

Ер балалардың миы бір жарым жылға қартайған

Коронавирустан кейін балалардың миы ерте қартайып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус пандемиясынан кейін кәмелет жасына толмаған балалардың миы қартайып кеткен. АҚШ ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл екі айға, ал ер балалардың миы бір жарым жылға қартайып кеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Зерттеушілердің сөзінше, жасөспірімдер стресске бейім, әрі миы да аса сезімтал келеді. Балалар миының індеттен кейін қартаюының жеделдеуіне осы себеп дейді.

Ғалымдардың сөзінше, мұны қалыпқа келтіру үшін балаларды әлеуметтік желіден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау керек.