Шымкенттік ЖҚАЖ қызметкері Көшпенділер ойынында алтын медаль жеңді

Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем чемпионатының жеңімпазы

Фото: Polisia.kz

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Ерсұлтан Мұзаппаров елордамызда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын медаль иегері атанды. Ол қазақ күресінен 100 келі салмақта Грузияның спортшысына қарсы бақ сынап, жеңіске жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бала кезінен спортқа бейім болып өскен Ерсұлтан бұған дейін де көптеген спорттық сайыста жүлдегер атанған. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әлем чемпионатының жеңімпазы.

Жастайынан мамандығы азаматтарды қорғаумен байланысты болатынын білген арнайы жасақтың сақшысы бүгінде халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда аянбай тер төгіп жүр.


.

Жүктелуде...