Еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары Google-мен ынтымақтастық орнатады

ЖОО-да Google компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын Generative AI бойынша курстар жүргізіледі

Фото: baq.kz

Еліміздің кей жоғары оқу орындарында Google-мен серіктестік орнатып, арнайы курстар іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Телеграм арнасында жарияланды,- деп хабарлайды  newsroom.kz

Еліміздің жоғары оқу орындарында Google компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын Generative AI бойынша курстар жүргізіледі. Жобаға жетекші ЖОО қатысады.

Атап айтсақ: 

  •  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  •  Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті
  •  Қарағанды индустриялық университеті
  •  SDU University
  •  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  •  Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  •  Astana IT University
  •  Қазақстан-Британ техникалық университеті
  •  Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  •  Шәкәрім университеті
  •  Yessenov University
  •  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  •  Toraighyrov University

Жүктелуде...