Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық қауіпсіздік қатерлері мен қылмыстық тәуекелдерді болжау орталығы Google деректер қорының бұзылып, Gmail пайдаланушыларының мәліметтері тарағанын анықтады.
Аталған кибершабуылды ShinyHunters атты топ ұйымдастырған. Олар байланыс деректері мен компания атауларына қол жеткізген. Залал көлемі – 2,5 млрд-қа жуық Gmail аккаунты. Дегенмен, парольдер ұрланбаған.
Алайда бұл деректер қаскөйлерге Google қызметкері болып көрініп, жалған хаттар мен қоңыраулар арқылы фишингтік шабуыл жасауға жол ашады.
Генпрокуратура қазақстандықтарға мынадай кеңес берді:
- Қарапайым не қайталанатын парольдерді шұғыл ауыстыру.
- Қосымша қорғаныс ретінде екі факторлы аутентификацияны қосу немесе биометрия, PIN сияқты заманауи әдістерді пайдалану.
- Google-дан келгендей көрінетін хаттар мен қоңырауларға сенбеу — олардың 90%-ы алаяқтық.
- Қосымшалар мен сыртқы қосылымдарға рұқсатты шектеу, оларды бақылап отыру.