Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда жаңбыр жауып найзағай ойнауы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкенте 7 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 25 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...