Еліміздің мегапооистерінде бүгін ауа райы қандай болмақ

Астанада ауа райы болжамынша өткінші жаңбыр болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкенте 6 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ала бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с болады.

Шымкентте бүгін қара бұлт болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 27 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...