Ауған әйелдері жаңа заңға ән айтып қарсылық білдіруде

БҰҰ Талибан билігі қабылдаған жаңа заңды жарамсыз деп атап одан бас тартуға шақырды

Фото: ашық дереккөзден

Ауғанстандағы әйелдер қауымы қоғамдық өмірден алшақтататын елде қабылданған жаңа заңдарға әнмен наразылық білдіруде. Нәзік жандылар ән орындап жатқанын бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялай бастады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бірнеше апта бұрын Ауғанстандағы Талибан билігі "Жамандықпен күресуге және ізгілікті насихаттауға" бағытталған жаңа заңдар қабылдады.

Аталмыш заңда әйел адам жалғыз өзі жақын туысынсыз сыртқа шыға алмайды. Оларға мектеп немесе университетте білім алуына тыйым салынған. Егер саусақтары көрінетін киім кисе, таяқтың астына алу керегі жазылған.

Сондай-ақ, ән айтуға болмайды. Күйеуі не айтса, соны орындауға міндетті.

Айта кетелік, БҰҰ Талибан билігі қабылдаған жаңа заңды жарамсыз деп атап, одан бас тартуға шақырды. 

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасының өкілі Равина Шамдасанидің сөзінше, заң әйелдерді автономиядан айырып, оларды іс жүзінде дауысы жоқ "үнсіз көлеңкеге" айналдырып отыр. 

Жүктелуде...