Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде жаңбыр жауады

Астанада ауа райы болжамынша өткінші жаңбыр болады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, Алматы мен Шымкенте 3 қыркүйек күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда аспан ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 31 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...