Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Руханият

“Әкеміз үш жасымда өмірден озды”: Өзбекәлі Жәнібековтің бейнежазбасы сақталыпты

Қазақ халқының өзіне тән құрылыс мәдениеті болған

“Әкеміз үш жасымда өмірден озды”: Өзбекәлі Жәнібековтің бейнежазбасы сақталыпты
Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрлігінің Архив құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Орталық мемлекеттің кино фото құжаттар дыбыс жазбалары архивінде “Өзбекәлі Жәнібеков Ойтолғақ” атты тың деректерге толы бейнежазба сақталған,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Бейнежазбаның бастапқы желісінде Өзбекәлі Жәнібековтың өмірбаянынан қысқаша сыр шертіледі. 

“Менің жастық шағым Оңтүстік Қазақстан облысында өтті. Шешем сегіз жасымда қайтыс болды. Әкеміз үш жасымда өмірден озды. Содан соң әркімнің есігінде болдық,- деді мемлекет қайраткері.

Өзбекәлі Жәнібеков иісі қазақ баласы мекендеген тұрғын үйдің тарихы мен қазақтың мәдени байлығы жайлы сөз қозғады.

"Қоғамдық ойдың соңғы кездегі даму үлгісі дүниежүзінің халықтарының оның ішінде қазақ халқында алғашқы баспаларына қайтып оралта бастады. 

Біздің ата-бабамыз, біз дүниежүзілік өркениетке қандай үлес қостық?- деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап беру үшін ең алдымен қазіргі халықтың өзіндігі, оның өнері жасампаздық жайында әңгіме қозғаған орынды сияқты. 

Қазақ халқы өз бастауын Әлкей Марғұлан айтқан алғашқы қарабайыр егіншіліктен, көне металлургиядан, малшы қауымнан басталғаны белгілі. Сонда біздің қазіргі өзіміз ие болып, мирас болып отырған дүниеміз сол заманнан бермен қарай біздің ата-бабаларымыздың қазақтың жерін мекендеген әртүрлі дала тайпаларының мәдениетінің қосындысы нәтижесі болып табылады"- деді Өзбекәлі Жәнібеков 

Сондай-ақ мемлекет қайраткері сәулет өнері жайлы сөз қозғады.

"Мынау сәулет өнері жөнінде  айтар болсақ, қазақ халқы өзінің тарихының даму барысында киіз үйді былай қойғанда, тұрғын жайдың реттелген түрлерін өмірге келтірді. Оның ең көнесі «шошала» болып табылады. Шошаланы тау қыштарынан, күйген кірпіштен ағаштан қиып жасаған болатын. Бірақ соңғы кезде осы қазақ халқының өзі дүниеге келтірген тұрғын жайдың осы бір көне түрі бір-бірте істен шығып қалды. 

Одан кейінгі тағы бір айта нәрсе мынау "қоржын үй".  Қоржын үй сұлбасын белгілі қазақ сәулеткері Меңдіқұлов Қазақстандағы барлық құрылыстың нұсқаларынан Арал мен Каспий балықшыларының лашығынан тағыда басқа құбылыстардан көргенін айтқан. 

Қазақ халқының өзіне тән құрылыс мәдениеті болған. Мысалға, күмбез тұрғызу дәстүрі қыпшақтан Орта Азияға, Таяу Шығысқа тараған дейді. 

Қазақ халқының арттырғаны рухани дүниедегі өзіндігі , жасампаздығы мен өнері. Ол тарих қойнауында қалған асылдарының орныг тарихи мәдени ескерткіштері мен қолөнері менен суырыпсалма ақындығымен, шешендігімен дәстүрлі салтымен толтырып келген. Маған халқымның рухани даму жүйесінің осындай өзіндік арқауы үзілмесе екен деген ой туа береді"- деді Өзбекәлі Жәнібеков.