Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Дағыстандық дәрігерлер ер адамның көзінен 35 құрт алыпты

Тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген

Дағыстандық дәрігерлер ер адамның көзінен 35 құрт алыпты
Фото: newsroom.kz

Дағыстанның Махачкала қаласында республикалық офтальмология ауруханасының дәрігерлері 55 жастағы ер адамның көзінен 35 құртты алып тастады, – деп хабарлайды newsroom.kz

Тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адам ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген. Сол кезде дәрігерлер оның көзінен құрт түсіп жатқанын байқапты.

"Шыбынның дернәсілдері 4 және 12 миллиметр шамасында, көздің мөлдір қабығы мен жоғары бөлігін "жеп тастаған". Жергілікті анестезия арқылы көзінен құрттарды алып тастап, инфекциядан тазарттық. Қуанышқа орай дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында науқастың көру қабілетін сақтап қалдық", – деді көз жарақаты бөлімінің меңгерушісі Наида Гойтиева. 
 

Айта кетелік, қазір ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.