Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Нархоз университеті жаңа форматта салынған жатақхананың ашылу рәсімін өткізді

Бұл - жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені

Нархоз университеті жаңа форматта салынған жатақхананың ашылу рәсімін өткізді
Фото: Ulysmedia.kz

Жатақхана 424 орынға есептелген және студенттерге қолайлы жағдай туғызу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған,- деп хабарлайды newsroom.kz 

Жоғары оқу орны баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқу жылының қарсаңында Алматыда Нархоз университетінің жаңа Emen Student Housing жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Emen жаңа форматтағы жатақханасы университеттің инфрақұрылымын кеңейту және қайта жаңарту жөніндегі ауқымды әлеуметтік бастаманың бір бөлігі болып табылады. Онда студенттік тұрғын үй деген ұғымға, оның жабдықталуы мен қауіпсіздігіне деген көзқарасты қайта қарастыруға, сондай-ақ өзінің талантын, амбициясы мен әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылатын студенттер үшін шығармашылық және шабыт беретін тұрғын үй кеңістігін құруға мүмкіндік туды.


Emen қазақ тілінен аударғанда «дуб» дегенді білдіреді, бұл - тұрақтылық пен тектіліктің белгісі. Емен жаңа жатақхананың аумағында өседі. Осылайша, Нархоз қалыптасқан дәстүрді жалғастыруда: университет кампусын қайта құру аясында 60 жастағы талшын ағашы сақталды, оның бейнесі университеттің әртүрлі мектептерінің елтаңбаларында бейнеленген. Өз аумағындағы таңбалық ағаштардың түріне қарай ұқсас символдық атауларға Нархоздың басқа жатақханалары – «Alma» мен «Terek» те ие болды.

«Emen» студенттер үйі рекордтық мерзімде – бір жылдан аз уақыт ішінде –субсидия алмай немесе серіктестерді тартпай,акционердің өз қаражаты есебіненсалынды. Бұл - жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Мұнда тұру үшін панорамалық терезелері, жиһазы, техникасы, климаттық бақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері, бөлек санитарлық тораптары мен душы бар үш орындық бөлмелерде 424 орын қарастырылған. Бөлмеге сандық код құлыптары немесе саусақ іздерін сканерлеу арқылы кіруге болады. Ерекше мұқтаждықтары бар студенттердің тұруы үшін бейімделген бөлмелер қарастырылған.

Әр қабатта ас үйлер, асханалар, коворкингтер, ал бірінші қабатта дүкен, кір жуатын орын, барбершоп, кофехана, дәріхана және емдеу бөлмесі бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға тегін қызмет көрсететін медициналық орталық жұмыс істейді, ал 18 жастан асқан адамдарға медициналық қызмет алуға 15% жеңілдік беріледі.

Жатақхананың бүкіл аумағында Wi-Fi  қол жетімді. Абаттандыру және көгалдандыру аясында 100-ден астам бұталар мен ағаштар отырғызылды, сонымен қатар workout аймақтары жабдықталды. Жатақхананың төбесінде студенттердің демалуы үшін қаланың және Іле Алатауының бөктеріне шығатын панорамалық көрінісі тамаша, ауданы 400 м² жасыл терраса жабдықталған.

 

Жатақхананың ашылу салтанатына құрметті қонақтар ретінде мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Жұмыс берушілер кеңесінің мүшелері, әкімшілік, профессор-оқытушылар құрамы және университет студенттері қатысты.

Жатақхана тапшылығы мәселесін шешу – біздің министрлік үшін маңызды басымдық. Өткен жылы 27 мың төсек-орын жетіспеді, биыл біз бұл тапшылықты 8 мыңға дейін төмендеттік. Бүгін мен бірқатар жатақханаларды, соның ішінде Нархоз университетінде жайлылығы жоғары жатақхананы ашуға арнайы келдім. Ол жай жатақхана емес, студенттік резиденция деп аталады. Бұл қазір Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда кеңінен таралған тұжырымдама – дизайн, үйдегідей жағдай, материалдардың сапасы, әр студентке бөлек орын бөлінген, әр қабатта ас үйлер бар, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

 

Сонымен қатар ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қатысты. Осыдан дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде мұндай нысандар қаланың әлеуметтік ахуалын жақсартатынын атап өтті.

«Студенттер үйі» - бұл Алматы картасындағы жай ғана жаңа нысан емес. Мұндай жағдайда әр студент өзін үйіндегідей сезінеді, сонымен бірге өзі үшін жаңа ортаға оңай еніп, сапалы білім алып, қаланың дамуына өз үлесін қоса алады. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүргізілгенін атап өткім келеді, бұл жалпы өзін – өзі қамтамасыз ететін мегаполис үшін жақсы тәжірибе, - деді қала әкімі.

Жаңа жатақханада орындарды бөлу Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес жүргізіледі. Орындарға Нархоз университетінің білім беру гранттары бойынша да, ақылы негізде де оқитын қаладан тыс жерлерден келген және шетелдік студенттер үміткер бола алады. Жаңа жатақхананы қоса алғанда, Нархоздың қазір негізгі кампусқа жақын орналасқан қауіпсіз әрі жайлы тұру талаптарына жауап беретін төрт студенттер үйі бар.

Мен адамды ортасы қалыптастыратынына сенемін. Қолайлы және ыңғайлы жағдайда оқу және жұмыс істеу жағымды ғана емес, сонымен қатарн әтижелі. Сондықтан Нархоз заманауи білім беру инфрақұрылымын құру мәселелеріне аса мән береді. Екі жыл бұрын Нархоз университетінің жаңа кампусы ашылды. Бүгін біз жаңа Студенттер үйін аштық. Тағы бір жылдан кейін бизнес-мектеп ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Мұның бәрі халықаралық деңгейде танылған өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде Нархозды дамыту стратегиямыздың өзара байланысты элементтері, – деді ЖОО акционері Болат Өтемұратов.

Нархоз талапкерлерінің ҰБТ-дағы орташа балы өткен жылмен салыстырғанда өсіп, мемлекеттік гранттар бойынша 111 балл (2023 жылы 103 балл) және ақылы бөлімше үшін 95 балл (2023 жылы 89 балл) құрағанын айта кету керек. Ең жоғары балға «Менеджмент және басқару» (122), «Саясаттану», «Құқық», «Қаржы және экономика» (120) бағдарламалары бойынша қол жеткізілді.

«Нархоз университеті» КЕАҚ туралы

Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару, маркетинг, құқық, менеджмент, цифрлық технологиялар, туризм және қонақжайлылық салаларында мамандар даярлайтын Қазақстандағы жетекші жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі. 2007 жылдан бастап Нархоз университетін жүйелі трансформациялаумен академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударатын «Верный капитал» компаниялар тобы айналысады. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына кіреді. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына жұмсалады.