“3 қыз өсіріп отырған әкемін”: Жанқош Тұраров өзіне жала жабылғанын айтты

Қайдан шыққан жала екенін түсінбей отырмын

Фото: Stan.kz

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Желіде Жанқош Тұраровтың 1996 жылғы қызды зорлады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын. Спортшының сөзінше, оған жала жабылды.

“3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайы бар. Қайдан шыққан жала екенін түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтайтын боламын”, – деді боксшы.

Сондай-ақ, боксшы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты. 

Айта кетелік, бұған дейін Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені айтылды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Жүктелуде...