Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарауда,-деп хабарлайды newsroom.kz
19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән- жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.