weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы-Сочи рейсінен мас жолаушы шығарылды

Тұтқындау кезінде әйел полицияның талабын орындамаға

Алматы-Сочи рейсінен мас жолаушы шығарылды
Фото: Nur.kz

Ішкі істер министрлігінің дерегіне сенсек, жолаушы Алматыдан Сочиге ұшпақ болған. Ұшаққа отырғызу кезінде ол мас күйінде болған. Авиакомпания қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, агрессивті мінез көрсетіп, түсініктемелерге жауап бермеген,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Тұтқындау кезінде әйел полицияның талабын орындамаған. Әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оның үстінен мас күйінде қоғамдық  орынға шыққаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді", – деді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат бұған дейін де биыл алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→