weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚТЖ ревизорлары пойыздарда тексеріс жүргізу барысында билетсіз жолаушыларды анықтады

ҚТЖ билетсіз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл ретте пойыз бригадалары жұмысының ашықтығын арттыру мақсатында қоғам белсенділері мен масс-медиа өкілдерінің қатысуымен тұрақты ішкі тексерулер жүргізілуде,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚТЖ ревизорлары пойыздарда тексеріс жүргізу барысында билетсіз жолаушыларды анықтады

2025 жылдың наурыз айының соңында №85/86 «Астана – Шымкент» және №3/4 «Астана – Алматы» бағыттарындағы пойыздарға жүргізілген тексеріс барысында алты жолаушының билетсіз жүргені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған фактілерге байланысты қызметтік тексерулер жүргізілуде. Нәтижесінде кінәлі пойыз бригадаларының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылады.

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларға қатысты 14 факті тіркелді. Мұндай ішкі бақылау шаралары Ұлттық тасымалдаушының барлық бағыттары бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылуда.

ҚТЖ азаматтарды билетсіз тасымал және билеттердің заңсыз қайта сатылу жағдайлары туралы хабарлап, бұзушылықтардың алдын алуға бірге үлес қосуға шақырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→