weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әткеншекте ойнаған 3 жасар бала бауырының бір бөлігінен айырылған

Дәрігерлердің айтуынша, бала іш аймағынан соққы алған

Әткеншекте ойнаған 3 жасар бала бауырының бір бөлігінен айырылған
Фото: tengrinews.kz

Павлодар облысында 3 жасар бала әткеншекте алған жарақатының салдарынан бауырының бір бөлігінен айырылды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға биыл шілдеде Ақсу ойын алаңында болды. Дәрігерлердің айтуынша, бала іш аймағынан соққы алған. Алған жарақаты сыртқа байқалмаған. Бірақ бір аптадан кейін баланың жағдайы едәуір нашарлап, ата-анасы Ақсу ауруханасына жүгінді. Ультрадыбыстық зерттеу арқылы іш қуысында көп мөлшерде қанның жиналғаны анықталды.

"Бала іштің түтіккен жарақатын алды, ішкі ағзалардың көгеруі, бауырдың оң жақ бөлігінің толық жыртылуы, ішкі қан кету ашылды. Сондай-ақ, балада өкпе ісінуі және екінші дәрежелі геморрагиялық шок болды. Санавиация желісі бойынша реаниматолог және хирургтар құрамында павлодарлық дәрігерлер тобы шұғыл шақырылды", - деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→