Бұрын терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқан ер адам, енді әкімдік ғимаратында бомба бар деп шағымданған - деп хабарлайды Newsroom.kz, polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін, ол 2019 жылы мамыр айында жалған ақпар таратып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады. Бірақ, қала тұрғыны жаза өтеу тәртібі мен шарттарын дұрыс орындамағандықтан қалған жазасын өтеу үшін темір торға тоғытылады.
Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам тағы да осындай қылмыс жасады. Өткен жылдың желтоқсан айында полицияға қоңырау шалып, ол “әкімдік ғимаратында бомба бар” деп хабарлаған екен.
Ер адам туыстарымен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай қадамға барғанын айтқан көрінеді.
“Телефон” террористінің ісі қалалық сотта қаралып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталған адам мемлекеттік органдарға 200 мың теңгеден астам сомадағы материалдық залалды және сот шығындарын төлеуге тиіс.