weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Павлодар облысының әкімі «дауға» қатысты әпкесін қорғамады

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов өзінің туған әпкесінің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты пікір білдірді

Павлодар облысының әкімі «дауға» қатысты әпкесін қорғамады
Фото: gov.kz

Бұған дейін желіде облыс әкімінің туысын патрульдік полиция тоқтатқанын хабарлаған ақпарат тараған еді. Әйел адамның жеңіл дәрежеде алкогольдік ішімдік ішіп, кроссовер жүргізгені туралы айтылды.

«Сот кабинеті» деректерінде Павлодар облысы әкімінің әпкесі расымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны көрсетілген.

Облыс әкімі Асаин Байханов бұл жағдайды Threads парақшасында растады. Ол туысының құқық бұзғанын және заңда белгіленген жазасын алғанын айтты. Әкім «заң алдында бәрі тең, менің әпкем де бұл талаптан тыс емес» деп атап өтті.

«Сот кабинетінде» жарияланған құжатқа сәйкес, оқиға 4 қараша күні шамамен 23:05-те Екібастұзда болған. Патруль инспекторлары Петренко көшесінде Hyundai Tucson көлігін тоқтатқан. Материалдарға сай, рөлде азаматша Б. отырған. Ол наркодиспансерге жеткізіліп, медициналық тексеріс оның жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтаған.

Құжатта көлікті тоқтату сәтінің видеозаписьі болмағаны көрсетілген: инспектордың айтуынша, бейнетіркегіштің қуаты таусылған, ал бейнежетон техникалық себеппен іске қосылмаған. Сотта әйел кінәсін мойындамаған. Ол көлік тұрақта тұрғанын, өзі салонда жылыну үшін отырғанын, бірақ қозғалтқышты іске қоспағанын айтқан. Дегенмен, мас болғанын жасырмаған. Бұл сөзді оның жеке жүргізушісі де растаған.

Сот азаматша Б.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі («Көлікті мас күйінде басқару») бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жүргізуші куәлігін 7 жылға алу жазасын тағайындаған. Сот қаулысы биыл 10 қарашада шыққан.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов желі қолданушыларымен жиі пікір алмасып, әртүрлі тақырыптарды талқылап отырады. Мұндай ашықтыққа қызығушылық танытқандар да, оның қаншалықты орынды екеніне күмәнданғандар да бар.

Бұған дейін Байханов Threads-тегі парақшасы жеке аккаунт екенін, онда жеке өмірге қатысты жазбалар жариялайтынын айтқан. Ал әкімшілік жұмысына байланысты барлық өтініштерді ол Instagram-дағы ресми парақшасы арқылы қарайтынын жеткізген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→