ІІМ интернет алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды

Фото: Polisia.kz

Астанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

 
Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді.

"- Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркіленді. Дыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады”,- деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

 

Жүктелуде...