Қазақстанда егін жинау кезінде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, елдің батысындағы жеке аудандарда егін жинау жұмыстары шілде айының соңында басталды

Фото: Halyq Uni.kz

Қазақстанда жаздық дәнді дақылдарды жинауға ішінара қауіп төнуі мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, елдің батысындағы жеке аудандарда егін жинау жұмыстары шілде айының соңында басталды. Ал елдің шығысында, орталығында және солтүстігінде тамыздың бірінші жартысында жаппай егін жинау науқаны басталады. Алдын ала есептеулерге сәйкес, тамыздың екінші онкүндігінде сабақтағы бидайдың кебуі қанағаттанарлық жағдайда өтеді. Тамыздың үшінші онкүндігінде астық егетін аймақтың басым бөлігінде комбайнның тәулігіне орта есеппен 14-17 сағат жұмыс істеуі үшін ауа райы қолайлы болады. Алайда республиканың солтүстігінде егін жинау науқаны кезінде күн райы қолайсыз болуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, тамыздың екінші жартысында күтілетін жауын-шашын мен желдің 15-20 м/с дейін жоғарылауы егіс алқаптарының жатып қалуына әкелуі мүмкін, бұл оларды жинауды қиындатады және егіннің ішінара жоғалуына әкеледі. 

Жүктелуде...