Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кеткен

Оның денесін Республикалық жасақтың (ҚР ТЖМ РЖҚЖ) жедел-құтқару жасағы судан шығарды

Фото: Instagram/ roso_kazakhstan

Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті, – деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ мәліметінше, Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында орналасқан Қаскелең өзенінің маңында 63 жастағы ер адам отбасымен және достарымен демалып жатқан. Суға түсуді ұйғарған адамды таулы өзеннің қатты ағысы алып кетті.

Кейінірек ер адамның денесі апат болған жерден бір шақырым жерде табылды.Мәйіт полицияға тапсырылды.

Жүктелуде...