Алматыда бір топ жігіт балдақтағы адамға шабуыл жасаған

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Aikyn.kz

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған, – деп хабарлайды newsroom.kz

Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.

Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Жүктелуде...