weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда жаппай төбелес болыпты

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Алматыда жаппай төбелес болыпты
Фото: Qaz365.kz

Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған. Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырған.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.