Еліміздің ірі қаласының бірінде 38 градус ыстық күтілуде

Бүгін Алматыда ала бұлт болады

Фото: Stan.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 3 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ала бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін ашық аспан болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...