Назым Қызайбай екінші қарсыласын да жеңіпті

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштіктен көрінген

Фото: qaz365.kz

Париж олимпиадасында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай ширек финалға өтті, деп хабарлайды newsroom.kz

Ол екінші айналымда бразилиялық Каролайни Алмейданы жеңіп, ширек финалға шықты. Бес төреші де жеңісті қазақ боксшысына берді.  
 
Назым Қызайбай ширек финалда Рио олимпиадасының қола жүлдегері колумбиялық Ингрид Валенсиямен шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштіктен көрінген. Одан өзге отандасымыз - Азия чемпионы. Ол Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында тізе бүктірген Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.

Жүктелуде...