Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде ауа райы 42 градус болмақ

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде

Фото:El.kz

Астана, Алматы мен Шымкенте 1 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,-деп хабарлайды  newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, сылбыр жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 42 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...