Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтөбеде мас полиция қызметкері ерлі-зайыптыны қағып өлтірген

Қайғылы оқиға фельдшерлік пунктен 100 метр жерде болған

Ақтөбеде мас полиция қызметкері ерлі-зайыптыны қағып өлтірген
Фото: Aikyn.kz

Марқұмдардың мәйіттері жолдың шетінде, жолдан өтіп бара жатқан адам тауып алғанға дейін жатқан, – деп хабарлайды newsroom.kz

Stan.kz жазғандай, марқұмдар Динара Несіпбаева мен Шыңғыс Кенжебаевтың артында 3 және 4 жастағы екі ұлы қалды. Динара мен Шыңғыс 2019 жылы үйленген, Шыңғыс Хромтау қаласында вахтада жұмыс істесе, Динара Ақтөбе қаласындағы спорт мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген, жас отбасы пәтер жалдап тұрып, жеке баспанаға ақша жинап жүріпті. 

23 шілдеде туған күн кешінен шыққан мас полицей жас жұбайларды қағып кеткен, оқиға орнынан қашып кеткен. Сол түні Динара мен Шыңғыс ата-әжесінің үйінен шығып, жолдың жиегінде велосипедпен келе жатыпты. Қайғылы оқиға кезінде көлікте полицейдің кішкентай ұлы болған. 

Марқұмдардың туыстары тергеу біржақты жүргізіліп, кінәлі лайықты жазаланбай ма деп қауіптенеді.

Облыстық Полиция департаменті қызметкердің жауапқа тартылатынын, қазір жол апатына қатысты "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Полицияның мәліметінше, оқиғаның полицейдің ол уақытта жұмыста болмағанын және қызметкердің жеке көлігінде болғанын атап өтті