Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Отбасыны күштеп үйден шығару оқиғасы: сот ескерту жасады

Әңгіме Шымкенттің экс-әкімінің ағасының отбасына қатысты резонанс тудырған видео туралы болып отыр

Отбасыны күштеп үйден шығару оқиғасы: сот ескерту жасады
Фото: Qaz365.kz

 

Астанада сот отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалды қарады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, отбасылық жанжал кезінде әйел бұрынғы күйеуінің атына балағат сөздер айтқан. Әңгіме Шымкенттің экс-әкімінің ағасының отбасына қатысты резонанс тудырған видео туралы болып отыр. Кадрларда ер адам әйелді күштеп үйден шығармақ болғаны көрінеді.

"Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын балағат сөзбен қорламағанын, тек әдепсіз сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Бұл ретте бұрынғы жұбайы үйге заңсыз кіріп, оны осы жағдайға арандатқан", - делінген сот хабарламасында.