Былтыр мамыр айында 57 жастағы павлодарлық 14 жастағы өгей қызына зәбір көрсетіп, жүкті қылған. Биыл жасөспірім сәбиін дүниеге әкелді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жантүршігерлік жағдай Павлодар облысындағы Шарбақты ауданында болған. Айыпталушының өгей қызынан бөлек, оның анасынан тағы үш қызы бары белгілі болды.
“Отбасы 2023 жылы мамыр айында балаларының бірінің туған күнін атап өткен. Отбасылық мереке аяқталған соң ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлаған”, – деп жазды басылым.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысында жасөспірімнің 15 жасында босанғаны көрсетілген. Баланың әкесі – Ц есімді азамат. Анасы жәбірленуші екені дәлелденді. Судья олардың арасында жыныстық қатынастың болғанын растады.
Жәбірленушінің куәлігіне сәйкес, ол өгей әкесінен өзіне тиіспеуін сұраған. Алайда айыпталушы сөзіне құлақ аспастан киімін шешіп тастаған.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағына сәйкес ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ ол 18 жыл мерзімге сотталды.