Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда жиі апатқа ұшырайтын ұшақ үлгілерінің бірі тексеріледі

Шаралар күшейтілуде

Қазақстанда жиі апатқа ұшырайтын ұшақ үлгілерінің бірі тексеріледі
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтіп жатыр,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуе кемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық апат деректері жиілеп кетті. Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасына сәйкес авиациялық оқиғалардың қайталануын алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтетінін мәлім етті.

"Сондай-ақ пайдаланушыларға ұшу жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемесіне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді", - делінген хабарламада.