Қазіргі таңда жасөспірімдер YouTube, TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желілерді жиі қолданады. Виртуалды кеңістік қызықты әлем болғанымен, бала үшін көптеген қауіп-қатерге толы. Бұл туралы POLISIA.KZ сайты жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Әлеуметтік желіде балаңыздың қандай онлайн платформаларды, парақшаларды көретінін қадағалап, мұқият тексерген жөн. Өйткені, ересектерге арналған жарнамалар, тыйым салынған ақпарат психологияға кері әсерін тигізіп, балаңызға зиян болуы мүмкін.
Балаларға арналған неше түрлі қызықты мультимедиялық онлайн-ойындар мен ондағы ақпараттардың балаңыздың жас шамасына сай келетінін міндетті түрде тексергеніңіз жөн. Сонымен қатар, виртуалды желіде ата-ана бақылауын бағдарламалық қамтамасыз етуге болатынын білгеніңіз абзал.
Интернеттегі алаяқтық әрекеттеріне алданбас үшін балаңызға сақтық шараларын түсіндіріңіз. Желіде өзі туралы жеке ақпаратты жарияламауға үйретіңіз.