Талантымен талайды тәнті еткен  Құман Тастанбеков кім?

Талант иесінің  алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” көркем фильмі

Фото: globalnews.kz

XX ғасырдың басында қазақ мәдениеті жаңа серпін алып, мәдениет деңгейі биіктеп  келе жатқан кезеңде, ұлттық өнер иелері  жарқырып жарыққа шықты. Ұлт мәдениетіне еңбек сіңірген әрі халық әртісі атағын алған талантты тұлға Құман Тастанбеков жайлы айтамыз.

Құман Нұрмағанұлы 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.  Қазақтың  театр және кино актері. Өнер иесі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультеті оқуын бітірген.

Сондай-ақ, Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданған. 

Талант иесінің  алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” көркем фильмі. Аталмыш кинода ол Төлеген рөлін сомдайды. Фильм қазақ халқының мәдени мұрасын көрсететін көптеген кино мен театр қойылымдарында ойнады. Құман Нұрмағанұлының  өнері әрдайым жоғары бағаланды.

Қазақ мәдениетінде ойып тұрар орны бар бұл фильмде актер өмірлік жары Меруерт Өтекешовамен танысты. Аталмыш көркем фильмде  басты рөлде ойнады.Олардың фильмдегі махаббаты өмірде жалғасын тауып, отбасын құрған. Жұлдызды жұптың бүгінде Жібек, Томирис, Фараби есімді ұл-қыздары бар.

Айта кетелік, Құман Тастанбековтың жары  Меруерт Өтекешова  сұхбатында күйеуі жайлы естелігімен бөлісіп, марқұм күйеуі сияқты жігітті еш жерде кездестірмегенін айтқан болатын. 

"Мен түсірілімге мектеп бітіргеннен кейін келдім. 17 жаста едім. Ал Құман студент, сымбатты жігіт, ұзын бойлы. Ондай жігітті қазір еш жерде көрген жоқпын. Сымбатты жігіттер көп. Бірақ Құман сияқты жігітті мен көрген жоқпын. Құман нағыз ауылдың жігіті, 20 жасында Алматыға оқуға келді", - деді актриса. 

Айта кетелік, Құман Тастанбеков  “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн” “Аққулар ұшып келеді” фильмдеріне түскен.

Сондай-ақ, Құман Тастанбеков "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері. Қазақстанның халық әртісі атағын алған талантты тұлға.

     
                                       Перизат Жайырбек 

Жүктелуде...