weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістандық өнерпаздар Грузия көрермендерін тәнті етті

Түркістан музыкалық-драма театрының әртістері Грузияның Батуми қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетіп жатыр. Өнер ұжымы арнайы шақыртумен Илья Чавчавадзе атындағы мемлекеттік кәсіби драма театрының сахнасына шықты. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Түркістандық өнерпаздар Грузия көрермендерін тәнті етті
Фото:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістандық әртістер грузиялық көрерменге Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде сахналанған «Абай. Қара сөз» пластикалық спектаклін ұсынды.

Қойылымның алғашқы көрсетіліміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстанның Батуми қаласындағы құрметті консулы Гиоргий Абашидзе, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің үшінші хатшысы Риза Садық, Грузия Мәдениет министрлігінің өкілдері және Батуми мемлекеттік драма театрының директоры Коте Мзавия қатысты.

Спектакльде Абайдың философиялық ойлары сөзбен ғана емес, актерлердің қимылы мен пластикасы арқылы жеткізіледі. Қойылым адам өмірінің мәнін іздеу, рухани құлдырау мен қайта өрлеу тақырыптарын сахналық қозғалыс арқылы ашады.

Грузиялық көрермендер түркістандық өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, актерлердің шеберлігіне ризашылықтарын білдірді.

Спектакльдің режиссері – Мадина Мұратпекова, композиторы – Хамит Шанғалиев.

Гастроль бес күнге жоспарланған. «Абай. Қара сөз» спектаклінің екінші көрсетілімі 3 қыркүйекте өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, гастроль екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→