Әлеуметтік желіде тағы бір автобус апатының салдары түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан қоғамдық көлік зақымданғаны және ішінде жолаушылар жоқ екені көрінеді. Жол апаты Әшімов пен Шаляпин көшелері қиылысында болған,-деп хабарлайды newsroom.kz
Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады.
"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған", - деп хабарлады полиция.
Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр