Астанада тағы бір көше жабылды

Осы ретте автокөлік қозғалысы іргелес көшелермен іске асады

Фото: elorda.info

Астана қаласының әкімдігі жөндеу жұмысына байланысты тағы бір көше жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz

Нақты атап айтқанда, қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек тұйық көшесінің Нұрғиса Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 15 шілдеде сағат 07:00-ден 16 шілдеде сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Осы ретте автокөлік қозғалысы іргелес көшелермен іске асады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Жүктелуде...